Халықаралық тасжолдарда қарақшылықпен айналысқан топ ұсталды
Олар облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті.
Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражат талап еткен. Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
- SpaceX Starship кемесін құрлықта ұстап қалуға алғаш рет әрекет жасайды 00:30
- Алматыда сталкинг жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды 13.11.2026
- Аман Бақытжан Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды 13.11.2026
- Астанада заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылатын болды 13.11.2026
- Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды 13.11.2026
- Ғалия Тынбаева Хорватиядағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды 13.11.2026
- Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымымен экологиялық ынтымақтастықты нығайтады 13.11.2026