Халықаралық сот Израильге қарсы тыңдауды бастады
Нидерландыдағы Халықаралық қылмыстық сотта Оңтүстік Африка Республикасының Израильге қарсы "геноцид" ісіне қатысты тыңдау процесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оңтүстік Африка Израильді БҰҰ-ның геноцид қылмысына қарсы конвенцияны бұзды деп айыптап отыр. Құжатта геноцидтің алдын алмау, ұлтты жою және шабуылды ұйымдастырушылардың жазаланбауы баяндалған.
Ал Израиль тарапы бұл дәлелдерге үзілді-кесілді қарсылық танытты. Израильдің әрекетіне наразы жергілікті тұрғындар сот алдына жиналып, процесті бақылауға көшкен. Шерушілер Газаға қарсы шабуыл тоқтатылсын деген талап қойып отыр. Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында да заңгерлер шеруге шықты.
Олар сот залында Израиль тарапын айыптаушы сала мамандарын қолдау мақсатында акция ұйымдастырған. Шерушілер Израиль қақтығысты біржолата тоқтатсын деген талап қойып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
10 жылдағы ең үлкен құлдырау. 40 мың тонна өнім сатылмады
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы