Халықаралық Олимпиада күні: Астанада интерактивті хоккейден турнир өтті
Астанада Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында кезекті спорттық шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спорттық мереке аясында интерактивті хоккейден турнир өтті. Жарысқа төрт елордалық команда қатысты: Астана-1, Астана-2, "Номад" және "Бригантина". Жарысқа 12 жасқа дейінгі спортшылар жіберілді.
Турнир форматы екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қатысушылар ойын приставкалары арқылы хоккей матчын өткізді. Командалардың жиған ұпайы жарыстың екінші кезеңінде де есепке алынды.
Кибер-кезең аяқталған соң, командалар кросс-айс форматында шайбалы хоккей ойнады. Бұл ойын моделі балалар қажетті тәжірибе жинау үшін көлемі кіші алаңқайларда өткізіледі.
Командалар кросс-айстағы өнері үшін де ұпай жинады. Кешенді жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері екі айналым бойынша жиған ұпай санымен анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжілісте әскери қызметке қатысты дөңгелек үстел өтті
Өзгелердің жаңалығы