+22

Халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды

Халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды

Көлік кеңесінің отырысында халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь көлік министрліктерінің өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлік кеңесінің 43-ші отырысы аясында кездесті.

Іс-шараға қатысушылар Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан»халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылап, аталған дәлізді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырды. Кездесу барысында тараптар биыл наурыз айының ортасында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге келісті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ШЫҰ-на мүше елдердің көлік форумы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстан министрліктерінің өкілдері «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» дәлізі туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарбаза-Мақтарал» жобасының іске асырылуын ескере отырып, қазақстандық учаскенің инфрақұрылымы осы дәліз бойынша жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігі
Өзгелердің жаңалығы