Халықаралық іздеудегі алаяқ Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден Қазақстан Республикасына экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы елорда тұрғыны экстрадицияланды.

Ер адам 2018 жылдан бастап ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде болған.2015 жылдың қараша айында елордадағы Жеңіс даңғылында ол сканерленген пультті пайдаланып, Toyota Camry көлігін ұрлап кеткені анықталды.Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылған, - деп жазылған хабарламада.

Бірнеше жыл Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, Қазақстанда оған іздеу жарияланған. Сонымен қатар көрші мемлекеттің аумағында болған кезде қазақстандық азамат ұрлық жасап, сотты болған және Тула облысының аумағындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан.

Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасына экстрадицияланып, қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы