Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Жетісу облысының полицейлері 15 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстаған. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.
Қазақстан полициясы күдіктіні Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінің полициясының сұрауы бойынша іздестірген. Күдіктінің тұрған жерін анықтау туралы ақпарат іздеу жариялаған тарапқа жіберілді. Істің барлық мән-жайы анықталғанша, анықталған адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы - келу міндеттемесі таңдалды, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда шатыры өртенген үйден 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Өзгелердің жаңалығы