Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған.
Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы