Халықаралық іздеуде жүрген Қайырбеков ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті іздеудегі аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы