Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Таразда дәмханада оқ атып, халықаралық іздеу салынған күдіктіні 1,5 ай іздеді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға биыл 25 ақпан күні кешкісін Тараз қаласының орталығындағы дәмханалардың бірінде болған еді. Онда жас жігіттер өзара атысқан. Оқиға орнына жедел полиция жіберілді.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 сәуірде полицейлер екі тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады.
36 жастағы Тараз қаласының тұрғынына ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның қайда екені анықталып, Алматы қаласында полиция қызметкерлері оны ұстады, – деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Минскте алғаш рет Роза Бағлановаға арналған ғылыми оқулар өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы