Халықаралық іздеуде жүрген гастролер-ұры Қарағанды облысынан ұсталды
Қарағанды полицейлері халықаралық іздеуде жүрген ұрыны ұстады. 33 жастағы азамат еліміздің бірнеше қаласында ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп деп хабарлайды BAQ.KZ.
Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен құрықтады. Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу кезінде жас жігіт Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысын мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы қар жүк машинасымен 2820 рет шығарылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы