Халықаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскер Қазақстаннан тыс жерлерде ұсталды
ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасай отырып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Ал ел аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталған.
Мәскеу қаласында 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол өткен жылы Алматыда жергілікті тұрғындардан сатамын деген сылтаумен қымбат смартфондарды алып, кейін ізін суытқан.
Осылайша ол 7 адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.
Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген.
Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр
Өзгелердің жаңалығы