Халықаралық іздеуде болған қылмыскер Өзбекстанда құрықталды

Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz сайты мәлім еткендей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ташкент облысының Нұравшан қаласында Павлодар жедел уәкілдері осы елдің 27 жастағы азаматын ұстады. 

Ол бес жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген. 2018 жылдың желтоқсанында ер адам Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды. Сот оның әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды. Босатылғаннан кейін, заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрған жоқ. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы