Халықаралық іздеуде болған есірткі саудагері Қазақстанға жеткізілді
Есірткіні сатқаны үшін сотталған Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сот үкімін орындау мақсатында Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.
66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды. Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланып, 6 жылдан астам уақыт жасырынған.
Өткен жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, енді жоғарыда аталған жазасын өтеуі керек.
- Балаларға әлеуметтік желіні 16 жастан кейін ғана пайдалануға рұқсат беру керек пе? Қазақстан Азия тәжірибесіне қарай ала ма? 02:20
- Қазақстанда «Яндекс» сервистері неге істемей қалғаны белгілі болды 01:29
- «Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды 00:51
- Жаңбыр, тұман: Дүйсенбіде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды 11.10.2026
- Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады 11.10.2026
- Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті 11.10.2026
- Ұлытау облысында науқас шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді 11.10.2026