Халықаралық есірткі трафигінің арнасы жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп, халықаралық есірткі трафигінің арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк түрлі брендтердің сусындарында жасырылып, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған.
Өзара әрекеттестік нәтижесінде Мәскеу облысында аталған тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.
Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді.
Ағымдағы жылдың басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп 19 халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 кг астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде Хаскиді бауыздап өлтірген ер адам іздестіріліп жатыр
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы