23 Тамыз 2026, 16:47
Фото: ALEM.AI
Халықаралық байқаушыларға ALEM.AI жасанды интеллект орталығының жұмысы таныстырылды
Шетелдік Орталық сайлау комиссияларының төрағалары Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai қызметімен танысты.
Оларға Қазақстанның жасанды интеллектіні қолдану саласындағы елеулі жетістіктері мен әлеуеті таныстырылды. Сапар барысында қонақтар жүзеге асырылып жатқан стартаптармен және Astana Hub орталығының мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстанның жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік басқару экожүйесінде қалыптасқан тәжірибесін, Tomorrow School және Tumo Astana жобаларының жұмыс барысын көрді.
Халықаралық байқаушылар Қазақстанда жасанды интеллект пен инновацияларды дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтті. Бұл еліміздің цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану бағытында алдыңғы қатарда болуына мүмкіндік береді.