Халық қатысатын бюджет үлесі 2 есеге артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еңбекші ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 1,8 есеге артқан.
Бұл жылы 79 үй ауласы абаттандырылады. Алғашқы кезеңде 58 үй ауласы, 2-кезеңде 21 үй ауласы жөнделеді.
Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы