"Халық қаһарманы" атанған генерал-полковник кім?
Президент Республика күні қарсаңында Қайырбек Сүлейменовке "Халық қаһарманы" атағын табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайырбек Шошанұлы – әскери қайраткер, генерал-полковник. 1949 жылы 12 мамырда Новосібір қаласында дүниеге келген. Еліміздің ішкі тәртібін ұйымдастыру саласында бірнеше жыл қызмет еткен. Қызметтік жолын стропальщик болып бастаған Қайырбек Шашанұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі, Орталық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды, Қазіргі лауазымы-«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер.
Қайырбек Сүлейменов II және I дәрежелі «Даңқ» ордені, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Республика күніне орай қоғам қайраткеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді.
Айта кету керек, мемлекет қайраткері қоғамдағы түрлі мәселелер де үнемі өз пікірін білдіріп отырады.