"Халық пікірі ескеріледі". Министр утильалымға қатысты шешім шығатынын айтты
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда утильалымға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат кулуарында БАҚ өкілі министрге "Аз ғана топ утилизациялық алымды алып тастау туралы талап қойды. Олардың талабы ескерілмеуі дұрыс деп ойлайсыз ба?" деп сұрады.
Азаматтардың талабын ескеру үшін заң бойынша процесс болуы керек. Утилизациялық алымға қарсы топтардың өкілдері Астанаға келіп, менімен тікелей сөйлесті. Қазір Үкіметте утильалымды өзгерту бойынша ешқандай жоспар жоқ. Біріншіден, әрине, халықтың пікірі ескерілуі керек. Бірақ оны заң бойынша іске асыруымыз шарт. Қазіргі таңда утильалымға қарсы петицияға қол қойылып жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін оны Үкімет деңгейінде қараймыз. Заң бойынша процедура осындай, - деп жауап берді құрылыс министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шегіртке дернәсілдерін бақылау үшін арнайы дрондар сатып алынады
Өзгелердің жаңалығы