Халық партиясы кедейлікпен күресетін заң ұсынбақ

Бұл туралы пікірсайыстың бірінші кезеңінде ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партия төрағасының айтуынша, әр отбасы мемлекет қамқорлығында болуы тиіс. Елдің байлығы мен билігі Қазақстан халқына тиесілі болатын Әділетті қоғам құру қажет деді.

Заңды дайындайтын институтты Мәжілістің құрамына енгізу. Атқарушы билік атқарушы билік болып қалуы керек. Ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттік тілдің мәселесін шешу үшін қандастарды қолдап отырмыз, – деді Асылбеков.

Асхат Асылбеков Қазақстанда 3 млн кедей және қайыршы адам бар екенін атап өтті.

8 млн адам несиеден басын көтере алмай отыр. Біз кедейліктен күрес туралы заңды қабылдауды талап етеміз. Аналар мен балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға баса назар аудару қажет. Жаңа еңбек кодексін қабылдап, әр балаға 13 мыңнан 70 мыңға дейін өсіреміз. Әйел азаматтар 58 жаста зейнетке шығу керек. Ипотека 3 пайыздан аспауы тиіс, – деді партия спикері.


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы