Бүгiн 2026, 12:28 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Азық-түлік қымбаттаса, халық бірден сезеді – Жұманғарин

"Халық өзі сезеді": Үкімет халықтың табысын арттырмақ

Мәжіліс кулуарында журналистер халықтың азық-түлік бағасының қымбаттауын қалай қабылдап жатқанын сұрады. «Бұл халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап жатқанын білдіреді деп есептемейсіз бе?» деген сауалға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бағаның өсуін ең алдымен халықтың өзі сезеді.

Расында солай. Халық өзі сезеді ғой. Әрбір адамның азық-түлік алғанда өзінің лимиті бар. Бүгін не ертең дүкенге барғанда қанша жұмсайтынын шамалайды. Егер қымбаттап кетсе, әрбір адам оны бірден сезеді. Сол себепті біздің мақсатымыз – халықтың табысын көтеру, – деді Жұманғарин.

Оның сөзінше, қазір Үкімет халықтың табысын арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр.

Қазір арнайы бағдарлама жасап жатырмыз. Маусым айына дейін Үкімет қаулысымен бекітіп, іске енгіземіз. Біздің мақсатымыз – халықтың ең төменгі табысын жыл сайын инфляциядан жоғары деңгейде, шамамен 2–3 пайызға арттыру, – деді вице-премьер.