"Халық мүддесін қорғауды жалғастырамын". Депутат Мәжілістегі жұмысын аяқтады

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шүкіжанова Динара Аманжолқызының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов депутат қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Шүкіжанова Динара Аманжолқызының өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға тиімді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Ал Динара Шүкіжанова әріптестеріне алғыс айтып, Мәжіліс қабырғасында көп тәжірибе жинағанын айтты.

Мәжіліс қабырғасында алған тәжірибем үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Ол құнды. Мәжіліске келмес бұрын депутаттардың мойнына жүктелген міндет пен жұмыс жайлы білмеген едім. Менің бастамаларымды әріптестерім жалғастыра бермек. Respublica партиясының тең төрағасы болып қала бермекпін. Сондай-ақ халық пен бизнестің мүддесін қорғауды жалғастырамын. Өндіріске қайта ораламын. Осылайша еліміздің экономикасына өз үлесімді қосуды жалғастыра бермекпін, - деді экс-депутат.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әріптесінің өкілеттігін тоқтатуға қатысты қаулы қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы