Халық балық жемейді. 3 жылда балық сату азаюы мүмкін - министр
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов балық шаруашылығындағы бірқатар мәселені айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Балық өсіру шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып отырған шаралармен қатар, шешуді талап ететін бірқатар мәселе бар. Біріншіден, су пайдалану лимиттерін бөлу кезінде балық шаруашылығының басым еместігі. Сондай-ақ, жер асты суларынан арнайы су пайдалану кезінде акваөсіру үшін рұқсат алу тәртібінің күрделігі. Екіншіден, 2025 жылдан бастап балық өсіру көлемінің едәуір ұлғаюымен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтіндігі. Үшіншіден, бекіре және албырт балық түрлерін өсіруге арналған балық азығы мен шабақтарын сатып алудың импортқа тәуелділігі, - деді Брекешев Үкімет сағатында.
Сондай-ақ министр салада әлсіз ғылыми сүйемелдеу мен білікті кадрлардың жетіспеушілігі бар екенін атап өтті.
Балық тұтыну деңгейінің төмен болуына байланысты, 2025 жылдан бастап балық өнімдерін өткізудің қиындығының туындауы мүмкін. Сонымен бірге акваөсіру саласындағы құқықтық қатынастардың жеткіліксіз реттелуі де бар, - деді ол.