Халық 5-6 мың теңге тұратын кітаптың өзін несиеге алған – жазушы

Мәжілісте комитеттің кеңейтілген тақырыптық отырысында жазушы Динара Болат кітап нарығына қатысты өзінің ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір кітап өте көп. Әсіресе, кітап нарығында тұлғалық даму, қаржылық сауаттылық, психология жанры өте танымал. Дегенмен сол сұранысқа орай кітаптың мазмұнына көбірек көңіл бөлу керек сияқты. Оны бақылау, реттеу керек. Себебі баспаханаға мұқабамызды апарамыз, бірақ кітаптың мазмұнын тексермейді. Кім не жазып жатыр, орыс, америкалық жазушыларды аударып өз атынан шығарып жатқан авторлар көп. Осы мәселені реттеу керек деп ойлаймын, - деп айтты Динара Болат.

Оның айтуынша, елдің шалғай аудандарына кітап почтамен жөнелтіледі, ол екі күн дегенімен екі апта жүріп қалады.

«Кітап» деген бөлек санат беріп, оны жеткізуді жеделдетуді қолға алу керек деп ойлаймын. Себебі оқырман ақшасын төлеп кітап алған соң, оны тезірек оқығысы келеді. Кітап шығару жылдан-жылға қымбаттап барады. Кітапқа қоятын банк дүкенінің үстем пайызы қымбат. 13 пайыз қояды, халықтың жағдайы солай шығар, 5-6 мың теңге тұратын кітаптың өзін жартысынан көбін бөліп төлеу мен несиеге алған. Біз оқырманға сатушы ретінде мүмкіндік жасаймыз. Алайда бөліп төлеу мен несиеге қолма-қол ақшаға сатып алғанға қарағанда пайыз көп қосылады, - деді Динара Болат.

Отырыста «Кітап нарығын реттеу, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің баспа индустриясын дамыту. Қазір тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту туралы» талқыланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: www.instagram.com/dinarabolat/
Өзгелердің жаңалығы