Халықтан аннуитетті компанияға түскен қаражат талан-таражға түспей ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулер» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нәзия Абрахманова жауап берді.

Шарт бойынша барлық төлемдер белгіленген. Олар өмір бойына 5%-ға өсіп отырады. Мысалы, жай қор мен зейнетақы қорын салыстырғанда, олар қалай инвестиция жасайды, солай біздің шотымызда табыс көбейеді. Ал аннуитет бойынша шартта белгіленген сома бойынша алып отырады, ол төмендемейді. Сақтандыру компаниялары бұл ақшаны зейнетақы қоры сияқты инвестиция жасайды. Бірақ мұның барлығы Ұлттық банктің нормаларына сәйкес, бағалы қағаздарға, шетел валютасына инвестиция жасалынады. Бірақ, олар ешқандай клиент төмен алмайды. Шартта қалай белгіленсе, сол бойынша алып отырады, - деді ол.

Брифинг барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек бұл сауал көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ екенін жеткізді.

Бізде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін арнайы қор ашылған. Біздің агенттік қаржы ұйымдары, соның ішінде сақтандыру ұйымдарына қадағалау жасайды. Сақтандыру компаниялары бізге ай сайын есеп тапсырады. Сол есеп негізінде біз талдау жасаймыз, егер қандай да бір қиындық туындаса, заңнамада көрсетілген шараларды қолданамыз. Ал егер сақтандыру компаниясының төлемдері тоқтаған жағдайда, онда сол компанияның барлық міндеттемесін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін қор өз мойнына алады, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы