5 Маусым 2021 2021, 05:48
Халықаралық туристер саны 180 млн адамға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық туристік ағын 83 пайызға азайған. Әлемдік туризм ұйымының статистикасы бойынша биыл туристік саяхаттардың саны былтырғыға қарағанда 180 миллионға аз.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық туристік ағын 83 пайызға азайған. Әлемдік туризм ұйымының статистикасы бойынша биыл туристік саяхаттардың саны былтырғыға қарағанда 180 миллионға аз.
Әсіресе Азия елдеріне баратындар – 94, Еуропаға – 83, ал Африкаға – 81 пайыз, Таяу Шығысқа саяхаттайтындар 78 пайызға азайған.
Сарапшылар туризм саласы келер жылы ғана жанданады деп отыр. Десе де жаз басталғалы және екпе егу жұмыстарының қарқын алуына байланысты қазір туризмде оң динамика байқалады.