Халықаралық сарапшылар COVID-19 жаңа штаммына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Ұлыбританияда COVID-19 жаңа штаммы табылғаны хабарланған болатын. 

Жаңа штамм бүгінгі күні ғылымға белгілі мутацияларға қарағанда жұқпалы болуына байланысты келер жылы ауруханаға жатқызылатын және қайтыс болған адамдардың саны артуы мүмкін деген пайым айтылған еді. 

Бірақ вирусологтар мен эпидемиологтардың пікірлері екі жақты болды, - деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Лондон университетінің (UCLH) ғалымдары коронавирусқа қарсы жедел иммунитет жасақтайтын жаңа дәріні сынақтан өткізіп жатқандықтары туралы мәлімдеме жасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны шамамен 80 миллион адамды құрайды, олардың 1,74 миллионнан астамы қайтыс болған. Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ көшбасшы болып тұр. Елде 18,9 миллионнан астам вирус жұқтырған. Үндістан екінші орында - 10,1 млн, үшінші орында - Бразилия 7,4 млн, төртінші орында - Ресей, бесінші орында - Франция. Ұлыбритания, Түркия, Италия, Испания, Германия, Аргентина мен Колумбияда 1,5 миллионнан астам адам індетті жұқтырған.

Осы аптада Еуропада азаматтарды COVID-19-ға қарсы екпе егу басталды. Екпелерді Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, Испания және Италия тұрғындары ала бастаған. Екпе ерікті түрде жүргізілуде.

Айта кетейік, 14 желтоқсанда Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммы анықталғаны хабарланды. Бұдан кейін бұрын Ұлыбританияда табылған коронавирустың жаңа штаммы енді Нидерланды, Дания және Австралияда тіркелгені анықталды. Коронавирустың жаңа мутациясы ересектерге қарағанда, балалар арасында жиі таралатыны белгілі болды. Сонымен қатар Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммына байланысты 40-тан астам ел патшалықпен көлік байланысын тоқтатуға немесе шектеуге шешім қабылдағанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы