Халықаралық Олимпиада комитеті самбо күресін ресми түрде мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Самбо күресі ресми түрде Олимпиада бағдарламасына енеді. Бұл туралы ЭК хабарлады.

Мұндай шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің Токиодағы 138-сессиясында қабылданды. Самбодан басқа тағы 5 спорт түріне мүмкіндік берді. Атап айтсақ, чирлидинг, муай-тай, айсшток, лакросс және кикбоксинг қосылды.

Спорттың бұл түрі 1938 жылы КСРО-да пайда болған. Ол қарусыз қорғану дегенді білдіреді. Самбо күресін Олимпиада бағдарламасына қосу туралы ұсыныс ресми түрде алғаш 2014 жылы жасалған. Ал негізі бұл мәселе өткен ғасырдың 80-жылдары-ақ қозғала басталған.

Самбо күресінен төрт жылда бір өтетін дүбірлі доданың алғашқы жүлделері 2024 жылғы Париж Олимпиадасында сарапқа салынатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы