Халықаралық іздеуде жүрген шекара бұзушы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Петропавл» темір жолы өткізу бекетінде «Челябі – Петропавл» бағыты бойынша жүретін жүк вагондарының арасындағы тұғырнамадан оператор бейнебақылау арқылы вагондар арасындағы қарайғанды байқап қалған. 

Түскен мәліметті тексеру үшін жедел аттанған шекара жасағы «П» есімді РФ азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Тексеру шаралары барысында ұсталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

Материал сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу бойынша бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Көліктегі полиция департаментіне берілді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы