Халықаралық байқаушылар елорданың сайлау учаскелерін аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД халықаралық байқаушылары елорданың бірнеше сайлау учаскесінің дайындығын пысықтады. ТМД-дағы миссия штабының жетекшісі Евгениий Козяктің айтуынша, олар өз миссиясына 21 желтоқсанда кіріскен.
Осы күннен бері Қазақстандамыз. Штабымыз Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Алайда біз тек елорданың сайлау учаскелерінің жұмысын ғана емес, өңірлердің де дайындығын пысықтайтын боламыз. Мен өзім Алматы қаласы мен Алматы облысына барып, сайлауға дайындық процесін көріп қайттым, - дейді ол.
Бүгін байқаушылар елордадағы екі сайлау учаскесінің жұмысымен танысты. Екі учаске де дауыс берушілерді қабылдауға дайын екені анықталды.
Дауыс беруге қажетті құрал-жабдықтардың барлығы орналастырылғанына куә болдық. Сайлаушыларға қажетті жағдай жасалған. Байқағанымыздай, ең басты назар санитарлық шараларға аударылыпты. Дауыс беруге арналған кабиналар пердесіз етіп жасалған. Ол дезинфекция жасауға қолайлы. Дегенмен ол дауыс берудің құпиялылығына кедергі келтірмейді деп ойлаймыз. Өйткені дауыс беруші бюллетеньді толтырғанда өзгелерге арқасымен тұрады. Қазір адамдардың денсаулығы маңызды, - дейді Евгений Козяк.
Оның айтуынша, мұндай әдіс өзге ТМД елдерінде де қолданылған. Мысалы Молдавада болған сайлауда да кабина осылай жабдықталған.
Жұмыс басталғалы барлық саяси партияның сайлауалды штабының өкілдерімен кездестік. Олардан науқанды ұйымдастыру барысы туралы ойлары мен ұсыныстарын тыңдадық. Әзірге шағымдар естімедік. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен де кездестік. Елдің аймақтарын да аралап жүрміз. Осылайша дайындық туралы толыққанды әсер алуға тырысудамыз, - деді ол.
Оның айтуынша, дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстандағы ТМД елшіліктерінен байқаушы ретінде 20 адам ұзақ мерзімді байқаушы ретінде тартылған. Сайлау күніне жақын қысқа мерзімді байқаушылардың тобы келеді. Қазіргі күні олардың 200-ден астамы Орталық сайлау комиссиясында аккредитациядан өтті.
Сайлау аяқталған соң біз байқаушылардан ақпарат аламыз, соның негізінде қорытынды жоба жасалады. Ол миссиямыздың баспасөз конференциясында 11 қаңтар күні жария болады. Біз осымен 14 рет осы елде өз миссиямызды орындап отырмыз, тәжірибеге сүйеніп айтар болсам, елде бұл саяси науқан заңнамаға сай өтіп келді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы - 2020. Жыл қорытындысы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы