Халықаралық байқаушы Алматыдағы сайлауға қатысты ойын білдірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сайлауға ТМД елдерінен 234 байқаушы қатысуда. Бұл туралы ТМД Миссиясынан халықаралық бақылаушы Валентин Колясев брифинг барысында айтты.

Спикер Алматыдағы Ресей Федерациясының бас консулдығы атынан төрт адам қатысып жатқандарын жеткізді.

Таңертеңнен бері қаладағы он шақты учаскені аралап шықтық. Сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық байқалмады. Тек орталық кітапхана маңында жастардың жиналғанын көрдік, алайда полиция оларды тез тарқатты,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол сайлау учаскесіндегі дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді.

Ақ халат киген медицина қызметкерлері келушілердің дене қызуын тексеріп, маска тағуын талап етуде. Сайлау тыныш әрі ҚР сайлау заңнамаларына сәйкес өтіп жатыр. Дауыс берушілер мен сайлау комиссиясы тарапынан ешқандай қысым көрген жоқпыз,-деді Валентин Колясев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы