«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Тұжырымдама қалай іске асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыстағы жемқорлықтың алдын алу мен азаматтық қоғам институтын қалыптастыру бағытында атқаралып жатқан шаралар туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн брифингте агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов айтып берді.
Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатылып, олардың барынша ашық, айқын болуға және қоғам алдында есеп беруге бағытталған жұмыстар жүргізіліп отыр.
Облыста кедергісіз қызмет көрсетуге арналған 101 фронт-кеңселер мен опен спейс, 17 - ашық әкімдік қызмет жасауда, яғни мемлекеттік қызметшілер халыққа жақындап, тұрғындар қолайлы жағдайда қызмет алуда. Аумағымызда 210 мекеме басшылары қызметтік бөлмелерін бірінші қабатта орналастырды. Олардың көбісі медицина және білім беру ұйымдарының басшылары, - деді ол.
Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік нысандар бюджетін бақылауына мүмкіндік беретін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы жұмыс жасап келеді.
Аталған жоба арқылы әрбір тұрғын бюджеттен бөлінген қаражатты қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалып жатқандығын көре алады. Қазіргі уақытта 698 мемлекеттік ұйымдар жалпы сомасы 802 млрд теңгенің бюджетін картаға орналастырды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қоғам мен атқарушы органның байланысын нығайту басты мақсатымыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Денис Теннің өліміне қатысты сотталған айыпталушы босатылды
Өзгелердің жаңалығы