Халық санағы-2021. Түркістанда санақ аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының тұрғындары жалпы халық санағынан 98,6% өтіп, Республика бойынша алдыңғы қатарда. Сондай-ақ, облыс және Республика көлемінде де бірінші болып Түркістан қаласы санақты 100% аяқтап отыр.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов мәлімдеді.
2021 жылдың халық санағына Түркістан облысында 340 нұсқаушы-бақылаушылар, 2 121 сұхбатшы жұмысқа тартылған.
Халық санағының ІІ-кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтуде. Соның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қазақстаннның әрбір азаматы санаққа өздігінен онлайн режимде қатысты. Жалпы облыста онлайн форматта 943 934 адам санақтан өтті. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер - еңбек нарығы мен жұмыссыздық деңгейін анықтауға, қажеттіліктерді білуге септігін тигізеді, - деді Арман Сәбитұлы.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов санақ жұмыстары ағымдағы жылдың 30 қазанында аяқталатынын айтты.
Санақ жұмыстары аяқталған соң 8 қараша дейін қайта бақылау жұмыстары жүреді. Кейін барлық өңірлерден жинақталған мәліметтер бойынша жалпы мәлімдеме жасалады, - деді Бағлан Абайбекұлы.