14 Қазан 2026, 16:21

Halyk Market-тегі «Сатып алу марафоны»: Қазанда нені және қашан тиімді сатып алуға болады?

Қазан айында Halyk Market «Сатып алу марафонын» бастады. Бұл науқан аясында айдың ең тиімді ұсыныстары біріктірілді: жеңілдіктер, ұлғайтылған бонустар және бөліп төлеуге арналған арнайы промокодтар. Әр науқанның өз мерзімі бар, сондықтан қаншалықты үнемдей алатыныңыз сатып алу күніне де байланысты.

Ұсыныстардың басым бөлігі 12 қазанда басталды. Кейбірі кейінірек іске қосылып, айдың соңына дейін жалғасады. Қай күнге назар аударған жөн және әр науқан кімге тиімді екенін қарастырайық.

Егер қандай тауар алатыныңызды әлі шешпесеңіз, оны іздеуге Halyk Market-тің AI-ассистенті көмектесе алады.

Apple: промокодпен 30 000 ₸ жеңілдік

12–18 қазан аралығында Halyk Market-те ресми сатушылар ұсынатын Apple өнімдеріне  30 000 ₸ жеңілдік беретін промокод қолданылады.

Промокод 500 000 ₸ немесе одан жоғары себетке жарамды. Сатып алуды картамен немесе 24 айға дейін бөліп төлеуге болады.

Apple құрылғысын жаңартуды бұрыннан жоспарлап жүргендер үшін ең маңыздысы — мерзім: бұл ұсынысты небәрі бір апта ішінде пайдалануға болады.

Қытайдан жеткізілетін тауарлар: ай соңына дейін 20% бонус

Шетелдік тауарлар ассортиментіне арналған жеке ұсыныс та бар.

8–31 қазан аралығында Қытайдан жеткізілетін тауарларды Halyk картасымен төлегенде 20% бонус беріледі. Бір клиентке берілетін бонустың ең жоғары мөлшері — 10 000.

Бұл науқан қазандағы басқа ұсыныстардың көбіне қарағанда ұзағырақ жалғасады. Сондықтан қажетті тауарларды асықпай таңдап, ай аяқталғанша тапсырыс беруге болады.

20 қазаннан бастап осы санаттағы тауарларды бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

15 қазан: бөліп төлеу кезінде 30 000 ₸ жеңілдік

Күнтізбеде белгілеп қоятын тағы бір күн — 15 қазан.

Тек осы күні KUZGI промокоды қолданылады: 500 000 ₸-ден басталатын сатып алуды 24 айға дейін бөліп төлеуге рәсімдегенде 30 000 ₸ жеңілдік беріледі.

Егер қажетті тауарды таңдап қойсаңыз және бөліп төлеуді қарастырып жүрсеңіз, дәл осы күнге назар аударған жөн.

12–18 қазан аралығында 10% бонус

Дәл осы кезеңде, яғни 12–18 қазан аралығында, Halyk картасымен төлем жасағанда, сонымен қатар 24 айға бөліп төлегенде 10% бонус беріледі. Науқан кезеңінде бір клиент 30 000 бонусқа дейін ала алады.

Apple өнімдеріне арналған ұсыныстан айырмашылығы, бұл науқан тауарлардың кеңірек ассортиментін қамтиды. Сондықтан бірден бірнеше зат сатып алуды жоспарлап жүргендер үшін жақсы ұсыныс болуы мүмкін.

Автокөлік шиналары: 50 000 ₸-ге дейін маусымдық жеңілдік

Автокөлік иелеріне арналған жеке ұсыныс көлікті қысқы маусымға дайындау кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр.

12–26 қазан аралығында Halyk Market-тегі ресми сатушылар ұсынатын шиналарға 5% жеңілдік беріледі. Жеңілдіктің ең жоғары мөлшері — 50 000 ₸.

Ұсынысты кез келген банк картасымен төлем жасағанда да, сатып алуды 3 айдан 24 айға дейін бөліп төлеуге рәсімдегенде де пайдалануға болады.

Түркиядан жеткізілетін тауарлар: 50% жеңілдік және қосымша бонустар

Қазан айында Halyk Market Түркиядан жеткізілетін тауарларға да арнайы ұсыныстар ұсынады.

1 қазаннан бастап Trendyol серіктесінің тауарларына 50% жеңілдік қарастырылған. Ал 22–31 қазан аралығында қосымша 20% бонус беріледі, ең жоғары мөлшері — 10 000.

«Сатып алу марафоны»: 100 000 ₸ көлеміндегі жүлделер ұтысы

Тиімді ұсыныстарды пайдаланып қана қоймай, бағын сынап көргісі келетіндер үшін 12–26 қазан аралығында «Сатып алу марафоны» аясында жүлде ұтысы өтеді. Қорытындысы 2 қарашада шығарылады.

Halyk Market-тегі қалаулы тауарларыңыздың тізімін қарап шығыңыз. Бәлкім, соларға дәл қазір тапсырыс берудің сәті түскен шығар.