Halyk Bank үйлері өртеніп кеткен тұрғындардың несиелерін кешіреді

Қостанай облысында өртенген үйлердің отбасыларына Halyk Bank-тен 1 млн теңге беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Halyk Bank Қостанай облысында өртеніп кеткен үйлердің тұрғындарына әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жібереді. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерді жабу туралы шешім қабылдады.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітте, - делінген банк таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы