Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек – Тоқаев Қаңтар оқиғасы туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халқымыз Қаңтар оқиғасынан сабақ ала білуі керегін айтты.

Өкінішке қарай, бүлікшілердің, қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Мен қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз - қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содыр мен лаңкесті жазаға тарту, - дейді ол.

Президент атағандай, халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек.

Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуіміз керек. Ашығын айтсақ, қазір қоғамда түрлі қауесет тарап жатыр. Бұл ахуал жалған түсінікті қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан өткен оқиғалар туралы нақты мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды, - деп атап өтті Тоқаев.

Ол мұны қасиетті парыз екенін айтты.

Жұрт оның астарына үңіліп, себебі терең түсінуі қажет, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы