Халқының көп бөлігі вакцина алған мемлекеттер қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bloomberg сарапшылары халықтың көп бөлігі вакцинацияланған елдерді атады.

Көшбасшылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктері (65,1 пайыз вакцинация), Чили (64,5 пайыз) және Бельгия (60,6 пайыз), Израиль (59,5 пайыз), Испания (59 пайыз) елдері бар.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус халықтың едәуір бөлігі вакцинация алған мемлекеттер ревакцинациялауды тоқта тұрып, мешеу елдерге көмектесуге шақырды.

Ревакцинациялауды бастап кеткен елдер қатарына Израиль, Франция, Германия, Таяу Шығыс және Ресей кіреді.

Сонымен қатар ДДСҰ басшысы халықтың он пайызынан азы вакцинацияланған елдерді атады.

Олар: Уганда (0,1 пайыздан аз), Чад Республикасы (0,1 пайыз), Түркіменстан (0,2 пайыз), Орталық Африка Республикасы (0,2 пайыз) және Мавритания (0,2 пайыз) елдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы