Хакерлер Британия қорғаныс министрлігіне шабуыл жасады

Хакерлер Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің серверін бұзды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Британ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаскөйлердің Қытай билігімен байланысы бар екендігін айтады. Ал ресми Бейжің айыптауларды негізсіз деп мәлімдеді.

Хакерлер Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері мен кейбір ардагерлері туралы жеке деректерді қолды қылғысы келген. Сарапшылардың пікірінше, қылмыскерлер осы арқылы жалақысы мен зейнетақысы төмен азаматтарға ақша ұсынып, құпия ақпарат алуға ниеттенген болуы мүмкін. Үкіметтегілер кибершабуылдарға қай елдің қатысы бар екенін ашып айтпай отыр.

Соңғы күндері Қорғаныс министрлігі белгісіз хакерлердің Қарулы күштердің төлем жүйесінің бір бөлігіне қол жеткізуге тырысқанын анықтады. Ол министрлікетен толығымен бөлінген сыртқы жүйе. Оны бөлек мекеме басқарады. Хакерлер осы бірлестік жұмысындағы кемшіліктерді пайдаланбақ болса керек, - деді Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Грант Шаппс.

Британ бұқаралық ақпарат құралдары сенімді дерек көздеріне сүйеніп, кибершабуылдарды Қытай жасады деп жарыса жазуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы