«Хабар» агенттігі жаңа маусымда 100 жоба ұсынады

Жаңа маусымда «Хабар» агенттігі көрерменге 100-ден аса жаңа жоба ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде тәрбиелік һәм танымдық мегажобалар да бар. Ақпарат ағымының да аясы кеңейеді. Сонымен қатар сараптамалық хабарлар, деректі фильмдер, сериалдар мен интелектуальды викториналар және жастар мен балаларға арналған жобалар көрерменге жол тартады.

Салтанатты жиында агенттіктің бірқатар қызметкері ақпарат саласының үздігі атанды. Марапатты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы