H5N1 құс тұмауы алғаш рет Австралия құрлығына жетті
Вирус жабайы қоныс аударатын құстардан анықталды, сарапшылар оның жергілікті фаунаға таралуынан қауіптеніп отыр.
Австралия жоғары патогенді H5N1 құс тұмауынан таза жалғыз материк мәртебесінен айырылды. Ел билігі материкте жабайы қоныс аударатын құстар арасында алғашқы жұқтыру деректерін растады.
Алғашқы жағдай маусым айының соңында Батыс Австралияда анықталған. Онда H5N1 вирусынан бурый поморник қырылған. Қазір барлығы алты жағдай расталды: төртеуі – Батыс Австралияда, біреуі – Оңтүстік Австралияда және тағы біреуі – Жаңа Оңтүстік Уэльсте тіркелген.
Ауруға шалдыққан құстардың бәрі субантарктикалық қоныс аударатын түрлерге жатады.
H5N1 жоғары патогенді штамм саналады. Ол тез таралып, көбіне жануарлардың өліміне әкеледі. 2021 жылдан бері вирус Еуропа, Азия, Америка және Антарктидаға тарап, миллиондаған жабайы құстың және мыңдаған теңіз сүтқоректісінің қырылуына себеп болды.
Wildlife Health Australia дерегінше, вирус қазірдің өзінде 560-тан астам құс түріне және 100-ден аса сүтқоректі түріне әсер еткен.
Сарапшылар инфекция жергілікті фауна арасында орнығып кетсе, оның таралуын тоқтату іс жүзінде мүмкін болмай қалуы мүмкін екенін ескертеді.