Ғылым және жоғары білім министрі Семейдегі оқу орындарын аралады

Премьер-министрі Әлихан Смаиловтың Абай облысына жұмыс сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай облысының әлеуметтік-экомикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске және «Абай» музейінің залында өңір зиялыларымен өткен кездесуге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шәкәрім университетінің басшылығымен кездесу барысында ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жоо базасында жетекші шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында университетті одан әрі дамыту туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, оқу ордасының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жұмысын атқарып жатқан НААР сыртқы сараптау комиссиясының мүшелерімен кездесті.

Министр бұдан кейін Әлихан Бөкейхан Университетінің жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатына қатысты. Жатақхана 400 орынға арналған. «Студенттер үйі» 6 қабаттан және 136 бөлмеден тұрады. Жатақхана ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Сонымен қатар министр қазақтың ұлт зиялылары түлеп ұшқан М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде болды. Саясат Нұрбек оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне, білім ордасынан білім алған ұлы тұлғалардың өміріне арналған көрмені аралап, колледж ұжымымен кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы