Ғылым министрі «диплом басып шығаратын фабрикаларды» жабу туралы айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл туралы ғылым және жоғары білім форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандағы жозықсыз университеттерге қатысты 15 сот ісі қаралып жатыр.
Білесіз бе, біз айтып жүрген «диплом шығаратын зауыттарды» жабу үшін Білім және ғылым министрлігі қыруар жұмыс істеді. Бұл жұмыс жалғасын табады. Бүгінгі күні сот өндірісінде 15-ке жуық сот ісі бар. Бұл университеттер жабылады деген сөз емес, – дейді Саясат Нұрбек.
Саясат Нұрбек «диплом басып шығаратын» жоғары оқу орындарына қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанына жауап берді.
Сондықтан бұл жұмысты жалғастырамыз. Министр ретінде мен бірінші кезекте білім сапасына жауаптымын. Сондықтан бұл бүкіл білім беру жүйесі үшін күшті сигнал болуы керек. Егер жоғары оқу орны сапаға сәйкес келмесе, министрлік белгілеген нормативтік-құқықтық актілерді сақтамаса, біз оны қатаң қадағалауда ұстаймыз, - деді министр.