1 Тамыз 2026, 09:49 Фото: ©BAQ.KZ/Жалғасбек Тоқтамысов

Ғылым мен жоғары білім: Қазақстан қандай бағытта дамып келеді?

Қазақстан жоғары білім мен ғылымды дамыту арқылы инновацияға негізделген, бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруды көздеп отыр.

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті нығайту, қолданбалы зерттеулерді дамытуға және олардың экономиканың нақты секторымен байланысына ерекше мән берілген. Еңбек нарығы сұранысына сай маман даярлау, инновациялар енгізу және білімге негізделген экономика қалыптастыру негізгі міндеттер қатарында.

1–10 тамыз аралығында Қазақстанда Абай күніне арналған онкүндік өтеді. Ұлы ақын әрі ойшылдың ағарту, ғылым және өзін-өзі жетілдіру жөніндегі идеялары өзектілігін сақтап, еліміздің экономикалық жаңғыруы мен технологиялық прогресінің негізі ретінде жоғары білім мен ғылымның дамуында көрініс табуда.

Қазақстанда кадр даярлау, ғылыми зерттеулер, инновациялар және халықаралық ынтымақтастықты біріктіретін Бірыңғай экожүйе қалыптасып келеді. Шетелдік жоғары оқу орындарын тарту, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды цифрландыру және коммерцияландыру басым бағыттар ретінде айқындалған.

Жүргізіліп жатқан реформалар сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру, ғылымға инвестиция тарту, отандық университеттердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайту мен білім экономикасының талаптарына жауап беретін мамандар даярлауға мүмкіндік береді.