Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.

2008-2009 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры.

2011-2017 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры.

2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.

2018 жылдан бастап қазірге дейін БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы