Гватемалада жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 15 адам көз жұмды

Гватемалада болған ауыр жол-көлік апаты салдарынан 15 адам көз жұмып, кемінде 15 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға елдің батысындағы Тотоникапан қаласына жақын маңда тіркелді. Қалааралық бағытта жүрген жолаушылар автобусы әзірге белгісіз себептермен жолдан шығып кетіп, терең шатқалға құлаған.

Оқиға орнына дереу құтқару қызметтері жетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, жараланғандардың бір бөлігі жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Апатқа байланысты Гватемалада үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Ел президенті Бернардо Аревало әлеуметтік желідегі парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкімет зардап шеккендер мен олардың жақындарына қажетті барлық қолдауды көрсететінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы