Гватемалада Пакая жанартауы атқылап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гватемалада Пакая жанартауының сейсмикалық белсенділігі артып барады. Одан атқылаған от пен күл 800 метр биіктікке жетіп жатыр.

Мамандар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күн бойы жалғасады деп болжап отыр. 

Қазір жақын маңдағы 5 мыңға жуық тұрғынға қауіп төніп тұр. 

Жергілікті билік қауіпті аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берді. 

Сонымен қатар халық орналасқан уақытша баспанада барлық санитарлық талап сақталуы керек деген талап қойылды. 

Айта кетейік, Пакая – Гватемаладағы белсенді жанартаулардың бірі. Ол 1965 жылдан бері үздіксіз атқылап келеді. 

Табиғат апаттарының зардабын жою ұйымының өкілі Давид Де Леонның айтуынша, атқылаған от пен күл халыққа қауіп төндіріп тұр.

Жанартаудан аққан лава бірнеше қалаға жақындап қалған. Атқылаған от пен күл халыққа қауіпті болып тұр. Тұрғындардың амандығы үшін барлық тиісті шара қолға алынып жатыр, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы