Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті

Гвардейск гарнизонының танк бригадасында бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру мақсатында Т-72 танкінің қару-жарағынан практикалық атыс жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеке құрамның жаттығулары танк командирлерінің, механик-жүргізушілердің және көздеуші-операторлардың өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Бөлімшенің атысын командирлер басқарды. Жүргізуші механиктер үш жауынгерлік машинаның іс-қимылын пысықтайды. Атыс шебімен қозғала отырып, олар қашықтықты қатаң сақтайды. Танк көздеушілері Калашников пулеметінен (ПКТ) көрінген нысандарды жояды.

Ең бастысы – бөлімшенің үйлесімді жұмысына қол жеткізу. Әркім өз міндеттерін түсініп, нақты орындауы керек. Барлық әрекеттер үйлесімді орындалған кезде тиімді жұмыс істеуге және нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұндай жаттығулар бізге кез келген жағдайдағы өзгерістерге ден қойып, жақсы әрекет етуге ықпал етеді, – деп түсіндірді танк бригадасының командирі подполковник Асхат Шайкенов.

Соңғы жылы жауынгерлік дайындықтың қарқындылығы артты. Егер бұрын сабақтар негізінен сыныптарда және оқу тренажерларында өткізілсе, енді олар полигондарда жауынгерлік жаттығуларға барынша жақын жағдайда өтеді.

Кейінірек әскери қызметшілер танк қару-жарағынан штаттық снарядпен атуға кіріседі. Штаттық атыстар жылына екі рет өткізіледі, дегенмен оған дайындық тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы