Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды

Ғұсман Қырғызбаев елордада өтіп жатқан “Qazaqstan Barysy Grand Slam” жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғұсман жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен әлем чемпионы Яго Абуладзеден басым түсті. Келесі айналымда БАӘ-нің намысын қорғайтын моңғол балуаны Нармандах Баянмөнхті жеңді. 

Ширек финалда әзірбайжандық спортшы Камран Сулеймановтен басым түсті. 

Жартылай финалда өзбек балуаны Мұхриддин Тилоловты жеңіп финалға жолдама алған еді. 

Финалдық бәсекеде испандық балуан Давид Гарсиа Торнеден жеңілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Өзгелердің жаңалығы