Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман кіші финалда украиналық Артем Лесюкпен кездесіп, «ваззари» ұпайымен жеңіске жетті.
Тель-Авив татамиіндегі доданы Қырғызбаев екінші айналымнан бастаған болатын. Алдымен бразилиялық Аллан Кувабараны ұтқан ол кейін әзербайжандық Давуд Маммадсойға есе жіберді.
Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев отандық дзюдошылардың жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
140 мың салымшы зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш берген
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы