1 Қазан 2026, 10:05
Ғұмар Серғазин қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың ақпаратында.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.
Еске салайық, Ғұмар Серғазин 2025 жылғы 28 сәуірде Президенттің өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.