Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен кетті
Гүлзат Көбенова бұл қызметке 2025 жылғы 4 маусымда тағайындалған.
Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлзат Көбенова бұл қызметке 2025 жылғы 4 маусымда тағайындалған. Ол бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінде бірқатар басшылық лауазымды атқарған.
Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған.
2002–2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарған.
2009–2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде сарапшы, Ақпарат басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
2010–2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары болған.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Президент кеңсесінде сектор меңгерушісі және инспектор қызметтерін атқарған.
2019 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы қаңтарға дейін Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы болды.
2020–2022 жылдары Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетін басқарған.
2022–2023 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы қызметін атқарған.
2023–2025 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы болған.